«Жамбыл орта мектебі» ММ Казкенова Сабина  8 «А» сыныбы

«Жамбыл орта мектебі» ММ Казкенова Сабина  8 «А» сыныбы

Егер де мен президент болсам…

         Президент болу әр баланың арманы десе де болады. Бір елдің президенті болу, елді басқару оңай емес деп ойлаймын. Президент болу елді басқарып қана қоймай сонымен қатар үлкен жауапкершілік екенін бәрі біледі. Бірақ, соған қарамастан, кішкентай балалардың бәрі де Президент болғысы келеді. Осындай балалардың бірі —  мен. Мен кішкентай кезімнен Президент болып елді басқарғым келетін. Бұл арман әлі де ойымда бар. Кейбір кездері мен осы арманымды ойлап отырып, қалғып кетемін.

Егер мен президент болсам, ел үшін, жер үшін жұмыс жасайтын едім. Мемлекетті басқаратын болсам ең алдымен білім беру тәсілін қолға алып, жақсарта түсер едім. Біздің ұрпағымыз білімді, әрі заманауи техниканы еркін қолдана алатындай болашақ мамандар болғанын қалар едім. Сонымен қатар мемлекеттің саяси жағдайын қолға алып, эканомикалық жағдайын жақсы жаққа көтерер едім. Қазақстанда тұратын әр адамға тегін пәтер беріп, басапаналы болуын қадағалар едім.

Егер мен президент болсам, халқымның жағдайын ойлап, жұртқа жұмыс істер едім. Жұмысшылардың жалақыларын көтеріп, зейнетақыны жоғары көтеріп, кәрі жасында әр зейнеткер ем қабылдау санаторилерде тегін демалып, денсаулықтарын дұрыстап, демалыс орындарына барып демала алатындай жасар едім. Себебі, мемлекет ол — халық. Халық президентке емес, президент халыққа жұмыс жасау керек.

Президент болсам, еліміздің алдыға қадам басуына, еліміздің өркендеуіне аянбай жұмыс жасар едім. Үздік оқитын, шығармашылықпен айналысатын, спортпен аты шыққан оқушыларға жылына бір рет Қазақстанның қалаларын аралауға тегін жолдама берер едім. Сонда біздің елдің балалары, қыздары, жігіттері нағыз патриот, нағыз елжанды ұрпақ болып өсер еді.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *