Шишкин негізгі мектебі Лёвина Дарья   9-сынып

Шишкин негізгі мектебі Лёвина Дарья   9-сынып

Егер мен президент болсам…

Мен, Шишкин негізгі мектебінің тоғызыншы сынып оқушысымын, Лёвина Дарья. Туған кезімнен Қазақстан Республикасында мекен етемін. Еліміздің елбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Өз туған өлкемнің табиғатын мақтан етемін. Табиғатымыз сондай тамаша, айтып жеткізуге сөз жетпейді. Қызықты жерлерге саяхат жасауды ұнатамын.

Біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Біздің елбасының арқасында бүкілі де тату тұрады. 2017 жылы Астана қаласында «ЕХРО-2017» атты халықаралық көрмесі өтті. Әр ел электроника, құрылыс жағынан өз жетістіктерін көрсетті, сонымен қатар көптеген интеллектуалды ойындар, жаңартылған техника бұйымдары қорғалып, көрермендерді таңғалдырды.

Бір күнде маған мынадай сұрақ қойылды: «Егер сен президент болсаң, не істер едің?». Менің жауабым мынадай болды: «Әрине, президент болу оңай емес. Бұл мәртебеге лайық болу үшін көп еңбек ету керек. Әр уақытта мемлекетіміздің политика, білім-ғылым, медицина тағы басқа көптеген салаларының жағдайын қадағалап отыру керек. Өзім, білім саласында тегін оқу сияқты енгізулер қарастырар едім. Сонымен қатар, мұқтажды адамдарға тегін медициналық көмек, баспанасыз отбасыларға пәтер берер едім. Ақысы төмен қызметкерлерге жұмыс ақысын, зейнеткерлерге төлемдерін көтерер едім. Біздің президентте демалу ұшін де уақыты тым аз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көршілес елдермен, тағы басқа да елдермен өте жақсы қарым-қатынаста. Ресей мемлекетімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Қорыта айтқанда, президент болсам, өз ауылымды, яғни Шишкин ауылының жолын жөндеуіне көңіл бөлер едім.

Президент болу үшін сабақты жақсы оқуға тырысамын, келесі жылы тоғызыншы сыныпты бітіріп, сүйікті мамандығыма оқуға түсемін. Лайықты білім алып, жұмыс орнын табамын деп ойлаймын, ал арманыма жетуімді, не жете алмайтынымды тек қана уақыт шешеді.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *