Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп — гимназиясы Райханова Құралай 8 «А» -сынып

Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп — гимназиясы Райханова Құралай 8 «А» -сынып

Егер мен президент болсам…

         Барша  ұлтты  бауырына  басқан  бауырмал  «Қазақ  халқы»  біреуді  артық, біреуді  кем  деп  көрмеген. Татулық  пен  достықта  тұруды  ежелден  серік  еткен, киелі де қастерлі – Қазақ елі. Бұл –менің елім. Осындай бірлігі жарасқан елде өмірге келіп, одан әрі көркейе түсуіне үлес қосу әр адамның арманы болары сөзсіз. Сол сияқты менің де жұдырықтай жүрегімнен жарып шыққан  еліме деген шынайы махаббатымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Кең байтақ, бейбітшілігі жарасқан дархан даламның Тәуелсіздігін биік шыңға көтеріп, әлемге танытқан  ерен ердің ерлігі, еңбегі, ол біздің елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев.

Елбасының жұмысы бүкіл халықты бір өзі басқару. Жақсы мен жаманда ажырата білу, пайдалы мен зиян жақтарын қарастыра білу. Бұл жұмыс қиынның қиыны.Егер мен елбасы болсам, Қазақстандағы ауқымды мәселелерді шешер едім. Қазіргі күнде ең үлкен проблеманың бірі көптеген жас отбасылардың пәтері, үйі жоқ болғандықтан, ең бірінші баспана мәселесін шешер едім.

         Екінші мәселе. Қазақстанда кен орындарға өте бай. Алайда біз экспорттан гөрі иппортты жөн көреміз. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Осы мәселені шешу үшін қазақстандықтарға жаңа технология жасап шығартып, Отанымыздың көркейуіне үлес қосар едім. Мемлекетіміз өзіміздің жасап шығарған тауарларын қолдана алады. Сонда еліміздің экономикалық жағдайы көтеріледі. Сонымен қатар жұмыстың жоқтығы азаяды.

Қазіргі таңда Қазақстан өте әдемі және таза мемлекет. Бірақ осы таза экологияны қоқыстар, газдар, шағын өндірістен қалған қалдықтар ластайды. Сондықтан әр облысқа арнайы қоқыстардан жаңа зат шығаратын зауыт, фабрикаларды көбейтер едім.

Иә, бұл жай ғана арман ғой. Не болса да елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Елбасымыздың «Мәңгілік ел» жолдауын әр адам естіп, оқыса, мемлекетіміздің алға жылжып, дамыған 30 елдің қатарынан көрінуге бір-ақ қадам қалғанын сезер еді. Бір орында тұра бермей, еліміздің, көркейуіне атсалысайық!

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *