Кадыр Каримов атындағы орта мектебі 8- сынып оқушысы Уалиев Жасұлан

Кадыр Каримов атындағы орта мектебі 8- сынып оқушысы Уалиев Жасұлан

                             Егер мен президент болсам …

         Менің елім — Қазақстан деген мемлекет. Елімнің тәуелсіздік алуы — халқым үшін асқан бақыт, зор мәртебе.Ал осындай тәуелсіз елге басшы болатын кім? Әрине, халықтың келешегін ойлайтын, оның өсіп — өркендеуін, алға ғарыштап бара жатқан терезесі тең елдермен теңестіретін адам ғана президент бола алады. Иә, біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыған лайықты тұлға.

Ал егер мен президент болсам не істер едім? Сенім артқан еліме көмек қолымды қалай созар едім деген сауалдар мені де мазалайды.

Бірінші байлық — денсаулық дейміз, сол себепті халықтың денсаулығын нығайту үшін медицина саласын дамытуды ойластырар едім. Екіншіден ,тіл мәселесін көтерер едім. Туған тілдің мәртебесін көтеру — ұлттың беделін көтеру деп ойлаймын. Себебі тіліміз бен дінімізді жоғалтып алсақ, ұлттың ұлт болып қалуы мүмкін емес. Қазіргі латын тіліне көшуге бағыттап отырған бастаманы тез арада  іске асуына мол мүмкіндіктер туғызар едім. Сондай  — ақ «Еліміздің болашағы -жастардың қолында «,- деп елбасымыздың өзі айтқандай, жастардың барлық мүмкіншіліктерді пайдалануына кең жол ашуды қолға алар едім. Ол үшін мектеп бітірген оқушының жоғары оқу орнына түсіп, білімін тереңдету үшін шет елдерде тәжірибеде болып, білімін шыңғдауға мүмкіндіктер беріп, сол мүмкіндіктерді қолжетімді қылуға жағдай туғызар едім.

Мемлекетіміздің байлығы — адам. Сол себепті халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлер едім.Ол үшін еліміздің экономикасының өсіп- өнуіне  жол ашар едім. Өз еліміздің байлығын,өзіміз өндіріп,өзіміздің пайдамызға жаратып жатсақ қандай жақсы болар еді деп ойлаймын.

«Армансыз адам — қанатсыз құспен тең»,- деген сондықтан әрбір адамның алдына мақсат қойып , оның орындалуына  тырысып жатса ғана осындай армандар іске асып,  орындалар еді деп ойлаймын. Мен осыдай балалық арманыма  жетуге асықпын, себебі армандардың орындалатынына сенемін. Алынбайтын қамал жоқ. Сол қамалды армандарға жетуге ұмтылған жастар ала алады. Ең бастысы халқым  Жұбан Молдағалиевтің «Мен  қазақпын мың өліп, мың тірілген»,-  деген жан айқайын ұран етіп алса.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *