Жалпыбілім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызығушылығын   ынталандыру, жас талантты және дарынды зерттеушілерді  іріктеу, қолдау, Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында,                      2018 жылғы 27 қараша күні  Қостанай қаласының физика-математикалық лицейінде, жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларының арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтілді.

Қостанай ауданынан  конкурсқа  20 жобаның  24 авторы  қатысты. Жобаны қорғау 18 секцияда өтті. Қазылар алқасы құрамында А.Байтұрсынов атындағы  Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің, академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқытушылары болды.

Конкурс қорытындылары бойынша Қостанай ауданынан 11 оқушы жеңімпаз атанды

Конкурс  жүлдегерлері конкурстың келесі  кезеңі -негізгі пән бойынша қашықтық тестілеуге қатысады.   Тестілеу 2018 жылғы 14 желтоқсан күні өтеді.

 

Әдіскер  Л. Айшуакова

Facebook Comments
Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Оставить комментарий

avatar
  Подписаться  
Уведомление о