«Егер де мен президент болсам……» аудан мектептерінің оқушылары арасында эссе байқауы қорытындысы

«Егер де мен президент болсам……» аудан  мектептерінің оқушылары арасында эссе байқауы қорытындысы шығарылды. Ереже бойынша байқаудың  мақсаты мен міндеті – шығармашылық қызметті дамыту, жұмыс тәжірибесін интернет желісінде көпшілікке дәріптеу. Байқау ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Жұмыстар   Қостанай  ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында орналастырылды.Сайтқа мемлекеттік тілде жазылған жеті жұмыс орналастырылды: Райханова Құралай (Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназия), Болатхан Ақжүніс (Владимиров орта мектебі), Уалиев Жасұлан ( К.Каримов атындағы орта мектебі), Левина Дарья (Шишкина орта мектебі), Әнуар Динара (Глазунов орта мектебі), Казкенова Сабина (Жамбыл орта мектебі), Алимбаева Кайни (Надеждин орта мектебі). Дауыс беру қорытындысы бойынша  ең жоғары ұпай жинаған  Шишкин орта мектебінің 9-сынып оқушысы Левина Дарья-1орын, Глазунов орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әнуар Динара-2 орын, К.Каримов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Уалиев Жасұлан -3 орын. Қалған жұмыстардың жинаған ұпайлары төмен болды.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *