Үздік қазақ тілі мұғалімі

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ жұмыс жоспарына сәйкес, әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің Үздік мұғалімі» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында облыстық  пәндік олимпиада өткізілді. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің пәнді оқыту құзыреттіліктерін арттыру, жаңартылған білім беру мазмұнының өзектілігін жүзеге асыруына жағдай жасау және білім беру жүйесінде мұғалімнің мәртебесін арттыру. Олимпиада  екі кезеңде өткізілді: аудандық кезең  — мамыр, облыстық кезең – қараша. Олимпиаданың аудандық кезеңіне аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері қатысты. Олимпиада ережесі бойынша мұғалімдер а) жаңартылған білім  берубағдарламасы бойынша бір сабақтың қысқа мерзімді толық жоспарын жасау; ә) осы сабақтың  ең негізгі кезеңдерінің 15-20 минуттық бейне  түсірілім үзіндісін әзірлеу.

Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы қарап, қатысушылардан түскен материалдар сараптама комиссиясының сараптауынан өтті, байқау критерийлеріне жауап беретін жұмыстар анықталып, аудандық кезеңнің нәтижесі бойынша ҚМУ «Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің» мұғалімі Суйеубаева Айкумис Айтжановна мен ММ «Глазунов орта мектебінің» мұғалімі Берсүгірова Дариға Сапабекқызы байқаудың облыстың сырттай кезеңіне қатысу үшін жолдама алды. Облыстық сараптама комиссиясының шешімі бойынша  олимпиаданың облыстық күндізгі кезеңіне қатысуға, Қостанай ауданы білім бөлімінің намысын қорғауға  Суйеубаева Айкумис Айтжановна жолдама алды. Олимпиаданың облыстық кезеңі 2018 жылғы 28 қарашада  өткізілді. Облыстық қазылар алқасының құрамына жоғары оқу органдарының атқарушылары, жоғары білікті әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер енді.  Олимпиада шарты бойынша:

1.өзін-өзін таныстыру (3 минут);

2.берілген тақырып бойынша эссе жазу;

3.әдістемелік тақырып бойынша  жұмыс жүйесі презентациясы (5минутқа дейін);

  1. тестілеу.

Олимпиада шарты бойынша  күндізгі кезеңге жолдама алып келген  білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері өзін-өзі таныстырудан бастады. Әр мұғалімнің таныстырулары алуан түрлі, әсерлі болды. Біреулері слайд жасап,

бейнероликпен көрсетсе, кейбіреулері поэзияға беріліп өлең жолдарымен таныстырды. Келесі шарт эссе жазу. «Мұғалім мәртебесі» деген тақырыпта ой ұшқырлықтары мен сөз шеберліктерін, тілдік сөз байлықтары мен  ойларының тиянақтылығын көрсетті.Келесі әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жүйелерін қорғауда да бақ сынасушылар бірірінен бірі асып түсуге тырысты.Соңғы шарт тестілеуде ұстаздар білім мен білік жағынан бақ сынасты.Тест сұрақтары пән бойынша , білім туралы заң мен педагогиканы қамтыды. Сайыс соңында жүйріктердің жүйрігі анықталды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша  Қостанай ауданының ҚМУ «Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің» мұғалімі Суйеубаева Айкумис Айтжановна жүлделі 2-орынды иеленді. Айкумис Айтжановна ІІ дәрежелі грамотамен және ұялы телефонмен марапатталды.

Байқаудың облыстық кезеңінің барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары табыс етілді.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *