«Оқу- әдістемелік құралдардың ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстел

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры мұғалімдердің қолында»

Н.Ә.Назарбаев.

Бүгінгі жас маман — ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын ,шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға. Жас маманмен жұмыс — жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет. Олардың ұстаз тұлғасы ретінде қалыптасуы және бар тәжірибесінің іс жүзінде іске асырылуы үшін жан — жақты жағдай қарастырылған. Мұндай педагогикалық өсу үшін тәжірибелі ұстаздар тарапынан әдістемелік көмек қажет.

Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ 2018 жылғы жоспарына сәйкес жас мамандардың  құзыреттіліктерін  жетілдіру, тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету,педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін  жетілдіру сұрақтары бойынша жас мамандарға  практикалық көмек беру мақсатында ауданымыздың тәжірибелі ұстаздарының қатысуымен №2 Затобол орта мектебінде «Оқу- әдістемелік құралдардың ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.                         Аудан мектептері бойынша іс-шараға 47 жас маман қатысты.

Іс-шара мектеп психологы Курдюкова О.В. «Сәлемдесу» колобаративті орта қалыптастыру тренингі өткізілуімен басталып, психологиялық ахуал орнатылды. Алғы сөзді аудандық білім бөлімінің әдіскері Нургалиева К.Г. сөйлеп, дөңгелек үстел бағдарламасымен таныстырды. Одан кейін жас мамандар екі топқа бөлініп Мичурин орта мектебінің математика пәні мұғалімі Алимова А.Е. және №1 Затобол орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Исмаилова С.Ш. тәжірибе алмасты. Тәжірибелі ұстаздар өз тәжірибелереіндегі оқу –әдістемелік құралдардың ерекшелігі туралы  түсіндірмелі — көрсетпелі түрде ақпарат берді. Келесі бөлімде Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының МДС тәрбиешісі Жусупбекова Р.К.  «Ойын білім құралы» атты оқу-әдістемелік құралын құрастыру жолымен таныстырса, №2 Затобол орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тургаева Г.Б. «Блум бойынша жоғары деңгейлі тапсырмалар жинағы» ОӘҚ ерекшелігі жайлы айтып түсіндірді. Дөңгелек үстел тек қана пікір алмасумен шектелмей, жас мамандарды іс-тәжірибеге қатыстыру, топтық тапсырмалар орындату, мәселелік сұрақтарды шешу, жобаларын ұсынумен ұйымдастырылды.Іс-шараның соңы педагог-психологтың және АББ әдіскерінің рефлексия жүргізуімен аяқталды.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *