Жалпы білім беретін  пәндер бойынша  білім алушылардың  республикалық олимпиадасының III облыстық кезеңінің қорытындылары туралы ақпарат

2018-2019  оқу жылы жалпы білім беретін  пәндер бойынша  білім алушылардың  республикалық олимпиадасының III облыстық кезеңі 2019 жылғы 4-5 қаңтар күні  өтті.

Екі күн бойы 460 білім алушы – аудандық және қалалық олимпиадалар жеңімпаздары  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында дайындалған тапсырмаларды орындады.   Қостанай жоғарғы оқу орындарының  кандидаттары және ғылым докторлары тапсырмаларды бағалады.   Қостанай ауданынан 16 білім алушы қатысты.  Биылғы жылы жүлдегерлердің көбі Қостанай ауданынан болғандықтан,  Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қатысушылар командасы 2019 ж.- ең үздік  олимпиада командасы болып танылды.

Үздік ауылдық мектеп  атағын   «Затобол мектеп-гимназиясы» мемелекеттік мекемесі  иеленді. Бірінші орын алған білім алушылар  біздің облыстың атынан  республикалық соңғы кезеңіне қатысады. Біздің ауданнан ағылшын тілінен 1 орынды «Затобол мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің  білім алушысы  Икрям Асия  жеңіп алды.

2 орынды «Затобол мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің және «Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің  білім алушылары жеңіп алды:  Тетерева Ангелина (орыс тілі,  мұғалім Жакетова С.М.),  Гордок Павел (ағылшын тілі, мұғалім Копейкина Л.Н.), Кадирхан Нұрсезім (тарих, мұғалім Хамзина А.Б.).

3 орынды «Н. Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің білім алушылары Есенжолова Ажар, (қазақ тілі, мұғалім Сейтмагамбетова Ш.Ж.), Кусеева Анара, (география, мұғалім Каратаева  К.С.) «Жданов орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің  білім алушысы Макенова Меруерт, (қазақ тілі, мұғалім Ахметов А.Ж.),  «Затобол  мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің білім алушысы Жетписпаев Адиль, (орыс тілі,  мұғалім  Жакетова С.М.),  «№ 2 Затобол орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің білім алушысы Амелина Ксения (ағылшын тілі, мұғалім Исаченко С.В.) жеңіп алды.

 

Барлық қатысушыларға  дипломдар  және   тиісті медальдар  табысталды.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *