Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Қостомар ауылының орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде өткізілген аудандық қазақ тілі пәні мұғалімдерінің семинары туралы анықтама

2018-2019 оқу жылының 29 қаңтарында Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Қостомар ауылының орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Жаңартылған білім беру жағдайында үштілділік білім беру: мәселелерді шешу жолдары және даму перспективалары» тақырыбында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің  аудандық семинар өтті. Қостанай ауданы бойынша барлық мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдері тәжірибе алмасты.Сонымен қатар, Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің басшысы Ахметкалиева А.М., білім бөлімінің әдіскер Нургалиева К.Г. қатысты. Семинар салтанатты түрде бастау алып ашық сабақтар мен коучингтермен жалғасты. Семинарда семинарды өткізуші мектептің қазақ тілі пәні мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп  Серикбаева Каршыга Сапарбековна «М.Әуезов «Көксерек» тақырыбында 7 «А» сыныбында, Сагымбаева Бахыткуль «Жаңбырменен жер көгерер» Морфология» тақырыбында 6 «А» сыныбында ашық сабақ көрсетсе, осы аталған оқу орнының тарих және география пәні мұғалімі Жатқанова Нұрлыгүл Ғабдужапаровна «Мектептегі оқытудағы  кедергілерді жеңу жолдары»  тақырыбында коучинг өткізді. Сонымен қатар, өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында Айсары орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Панияз Нуржан «Сабақ барысында үш тілділік білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері» атты коучинг өткізді. Түскі үзілістен кейін Қостомар, Айсары, Жданов, Сачиковка т.б мектептер көрмеде семинар тақырыбы аясында өз тәжірибесімен бөлісті. Көрмеге қатысқан мектептерге Қостомар орта мектеп директоры Сагымбаев М.Т. алғыс хат табыс етті.  Көрмеден кейін сыныптан тыс «Білімнің бір биігі  —  үштілділік» тақырыбында Сулейменова А.Ж. ұйымдастыруындағы салтанатты  іс-шарамен жалғасын тапты. Семинар қорытындысы ретінде әр сабақ пен коучингте мұғалімдердің жазбасының негізіндегі «семинардың әлді жағы және әдсіз жағы» аталып өтілді.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *