Өмірдің қиын жағдайындағы азаматтарға өткізілген семинар туралы

Қостанай ауданының №2  Затобол орта мектебінде ағымдағы жылғы           19 наурыз күні  өмірдің қиын жағдайына тап болған  азаматтарға  қолдау көрсету  мақсатында  семинар өтілді.  Семинар мақсаты- жәрдемақы,  зейнетақы, әлеуметтік төлемдер, оқыту және басқа да мәселелер бойынша  азаматтарға  кеңес беру  болып табылды.

         Семинар  Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Бекеновтың  басшылығымен өтті.  Сондай-ақ, іс-шараға Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық  сотының  төрайымы  Шармухаметова К.С., Қостанай ауданы прокурорының орынбасары Сыздыков А.К., білім бөлімінің,  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары,  мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтер қатысты.   Семинарға келген    аудитория- өмірдің қиын жағдайына тап болған  азаматтар. Семинар барысында олар әлеуметтік қолдау шараларымен танысты және  өздерінің сұрақтарына жауап ала алды. Семинар аяқталғаннан кейін, жақсы азаматтар мен  ұйымдардың  демеушілік  көмегінің арқасында  білім бөлімімен  дайындалған   азық-түлік пакеттері таратылды. Іс-шара  ұйымдастырушылары  аталмыш іс-шараны  өткізуге   көмек көрсеткен  «Қарасу ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры С.С.  Оржеховскийге, «Жас қанат» бройлерлік  құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры И.Н. Садуакасоваға,   «Салем» дүкенінің  иесі   В.И Артемоваға, «Кристалл»  дүкенінің иесі С.С. Лиге, жеке кәсіпкер Э.С.Бекировке («Апельсин» дүкені), Н.Ж. Иманбаев жеке кәсіпкерлігіне,  А.М. Демисенова жеке кәсіпкерлігіне, М.А. Нурмухаметова жеке кәсіпкерлігіне,  Н.Н. Гладких жеке кәсіпкерлігіне  ерекше алғысын білдіреді.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *