Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Алтынсарин орта мектебі» ММ өткізілген аудандық семинар бойынша ақпарат

2019 жылдың  26 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алтынсарин орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  арасында «Жаңартылған білім беру жағдайындағы латын графикасына көшу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.  Семинардың мақсаты — «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыру аясында жаңартылған білім беру жағдайындағы латын әліпби қолданысы идеясында  тәжірибе алмасу, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ету және оқу нәтижелерін жетілдіру. Семинарға мектеп әкімшілігі, аудандық білім бөлімінің әдіскері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Мектеп ұстаздары, Ниязбекова Г.Б. және Бектурганова Г.Б. 5-7 сыныптар аралығында  сабақтар ұйымдастырып, сыныптын тыс іс-шарада латын графикасын  енгізудің  тиімді әдіс-тәсілдерін  қолданып, тәжірибемен бөлісті. Сабақ барысында оқушылардың латын графикасын үйренудегі қарқыны жақсы деңгейде екені байқалды. Ұстаздар латын графикасын үйрену жолдарын біртіндеп енгізуде. Алғашқы қадамдар жоғары нәтижелі  болса, аз уақыттың ішінде латын әліпбиін  меңгеріп кетуі  оңай-ақ. Латын әліпбиін қарқынды үйренудің бірден-бір жолы — интеллектуалдық ойындар. Осыған байланысты Умурзакова С.Ж. 8-11 сыныптар аралығында «Латын әрпіне көшу-заман талабы» деген атпен қызықты брейн-ринг өткізді.

Латын графикасы   түсіндірме ережелері бойынша ұстаздарға    аудандық тіл бөлімі орталығынан әдістемелік жетекшісі Жарасбаева Ж.Т., Затобол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Д.А.   тәжірибелік шеберлік сабақтарын өткізді. Қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары мен орфографиялық ережелері бойынша  ақпарат  берді. Мұғалімдер латын графикасына негізделген әліпбиді меңгеруге бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде қызығушылықпен қатысып,  белсенділік танытты.

  Сонымен қатар, мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Туған жерім — алтын бесігім» деген атпен үш тілде латын әліпбиіне негізделіп  көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты- оқушылардың бойына туған жеріне,  туған ауылына, салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына  деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

   Қорытындылай келе, семинардың  соңында  қонақтар барлық іс-шаралар жоғары дәрежеде, қызықты, мазмұнды ұйымдастырылғаны жайлы талқылап, өз пікірлермен бөлісті.  Сөз соңында Қостанай ауданы білім бөлімінің әдіскері  Қ.Ғ. Нұрғалиева кері байланыс өткізіп, ұстаздарға, мектеп ұжымына  шығармашылық табыс тілеп, өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *