Кіші Отан кеңістігіндегі өлкетану

29 маусымда Қостанай ауданының 15 жас буыны ҚР еңбек сіңірген туристі Асқаров Мұхамедқалимен бірге Тобыл өзені бойымен 6 күндік сапарға аттанды. Осы алтын күннің ішінде балалар Рудныйдан бастап Садчиков ауылына дейін 50 км қайықпен жүзіп өтті. Алтынсарин мавзолейіне сапарды велосипедпен жасап 30 км артта қалдырды, онда ұлы қазақ ағартушысының қалай тұрғанын, қалай қызмет атқарғанын егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай — ақ экскурсиялық сапармен Қостанай қаласында да болды, бұнда олар облыстық өлкетану музейінде, сурет галереясы мен ату қабырғасында болды.  Онда тәжірибелі экскурсия жүргізушілері өсіп келе жатқан ұрпақты туған өлкенің тарихымен бөлісті.

Ал өздерінің сапарлары жайлы балалар мынадай пікірде:

– Маған бұл сапар өте ұнады, әсіресе қайықпен жүзген. Осы уақыт аралығында біз балалармен тату болдық, сондай –ақ өте көп жаңа достарымыз пайда болды, осылайша Константиновте тоқтап демалып жүргенде сол жердің балаларымен футбол ойнадық. Сапар маған қатты ұнады, көптеген жаңа жарқын әсерлер алдым – деп бізбен бөлісті 13-жасар Санжар Мүслім. 

– Әрине қиыншылықтар болды, мысалы Константинов пен Садчиков арасындағы сарқыраманы өту кезінде қатты қорықтық, дегенмен де бәріміз бірге болғасын бұл қиыншылық артта қалды. Бәрі маған қатты ұнады, келесі сапарды оған қатысу үшін асыға күтетін боламын – деді Садовый ОМ оқушысы 14-жасар Фелих Артем.

– Бұл сапардан менде ең жақсы деген әсерлер! Ең қатты ұнағаны қайықпен жүзу, әсіресе сарқырама жанынан, онда көп тастар бар. Әрине қорқыныш болды, бірақ бұл біздің қолымыздан келді, бұл сапар бізді достық қолдау сынды қасиетке, жанындағы адамға көмектесу және қайықта қалай жүзу керектігін үйретті – деді Садовый ОМ 12 –жасар оқушысы Данил Корнейчук.

Сапар кезінде балалар өздерінің кіші Отаны туралы көптеген жаңа ақпараттар алды, жаңа әсерлермен қуаттанып, жаңа достармен танысты.

 Аталмыш іс-шара Қостанай ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысының психологтар қауымдастығымен ұйымдастырылды.

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *