Директоры бос лауазымды орнына конкурс

Қостанай ауданы әкімдігінің  «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Школьный көшесі, 40-үй, анықтама телефоны: 8-71455-2-18-47, 2-42-49, электрондық мекенжайы metodist06@mail.ru Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мичурин орта мектебі» ММ, Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Озерный негізгі мектебі» ММ, Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Шишкин негізгі мектебі» ММ, Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Белозер негізгі мектебі» ММ, Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Сергеев негізгі мектебі» ММ директоры бос лауазымды орнына конкурс жариялайды.     

            Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді; бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «шебер-педагог» санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда); «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

            Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Дамуда  кемшілігі бар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

            Лауазымдық міндеттері: Директор тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтың қоғамдық жағдайына сәйкес тәртіптің этикалық нормаларын сақтайды және мынадай лауазымдық міндеттерді атқарады.

Білім беру ұйымын оның Жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педогогикалық кеңесті басқарады.

Әдістемелік  және оқытушылар (педогогтар) бірлестіктерімен   бірге  мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының орындалуын ұйымдастырады.

Жұмыс жоспарын және жұмыс бағдарламасын бекітеді.

Әкімшілік ауданының учаскісіне бекітілген балаларды жалпы міндетті оқумен қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жүзеге  асырады. Оқу-тәрбие үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жүзеге  асырады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау және  нығайту мақсатында, жалпы тамақтандыру мен медициналық  қызмет көрсетуді қамтамасыз ету   бойынша жұмысты бақылайды.

Заманауи ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Оқытушылар (педогогтар) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарыныңжұмысына қолдау  көрсетеді. Тәрбиеленушілер мен оқушылардың өмір сүруі мен оларды асыраудың мөлшері белгіленген нормадан төмен болмауын қамтамасыз етеді.

Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базасына толықтырулар мен олардың есебін, сақталуын қамтамасыз етеді, ішкі тәртіп ережесінің, санитарлық-гигиеналық режимінің, техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың  орындалуына  жауап береді.

Білім беру жұмысын жүргізу  құқығына лицензияға сәйкес, оқушылардың құрамын қалыптастырады,  оқушылар және тәрбиеленушшілердің  әлеуметтік құқығының қорғалуын қамтамасыз етеді. 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, жетім балалардың заңды құқығы мен мүддесін (жеке, қазыналық, тұрмыстық ,еңбек және т.б.) қорғайды, туысқандарымен байланыс жасау шараларын қарастырады.

Оқу-білім процесі уақытында білім беру ұйымының қызметкерлері және  оқушыларының өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне   қажетті жағдай жасайды.

Білім беру ұйымының  мүлігі және қаражатымен заңнамамен бекітілген шеңберде билік жасайды, жыл сайын құрылтайшылардың  кіріс және шығыс, қаржы және материалдық құралдарына есеп береді.

Қосымша қызметтегі педогогикалық кадрларды орналастырады және іріктейді, басқару құрылымын,қызметкерлердің  лауазымдық міндеттерін және штаттық кестені  бекітеді,

 олардың кәсіптік шеберлігін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Қоғаммен, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) байланыста жұмыс жасауға бағыттайды

Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа да ұйымдарда  таныстырады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Қызметкерлердің белгіленген тәртіпте  аттестаттауын өткізеді.

Қызмет барысында ерекше көрінген оқытушылар мен білім беру беру ұйымының қызметкерлерін өзінің құзырына байланысты марапаттауға және көтермелеуге ұсынады, жазалауға жүктейді.

            Лауазымдық еңбек ақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты: 124830 теңгеден  151353  теңгеге   дейін.

            Конкурс  «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің 2018 жылғы  26  маусымдағы № 308  бұйрығы  негізінде өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11) мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

            Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Осы құжаттардың біреуінің жетіспеушілігі,  байқауға қатысушының  құжаттарын қайтарып беруге негіз бола алады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.                         Құжаттар Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өту туралы хабарламаның жарияланған сәтінен бастап бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс. Сайтқа қосымша: kstroo.kz 

Анықтама  үшін байланыс   телефон нөмірі: 2-20-48. Факс.-21847

Қостанай ауданы әкімдігінің

«Білім бөлімі» ММ басшысы                                                                      М. Салмагамбетова

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *