Әкімдіктің 2016 жылғы

21 маусымдағы

№ 284 қаулысына

8-қосымша

 

 

«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • «электрондық үкіметтің» egov.kzвеб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт не Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 11184 болып тіркелген) бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

Порталда – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама (бұдан әрі — шарт жасау туралы хабарлама) не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы шарт жасау туралы хабарламаны алғаннан кейін баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт жасау үшін хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуы қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны — қағаз түрінде.

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің еркін нысандағы өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды (бұдан әрі — құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оны тіркеуді жүзеге асырып, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 15 (он бес) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі — құжаттар топтамасын қабылдау;

  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындап, тиісті бұрыштама қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 5 (бес) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

  • көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді, 1 (бір) жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі — қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оны тіркеуді жүзеге асырып, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындап, тиісті бұрыштама қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 5 (бес) минут;

  • көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн;
  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді, 1 (бір) жұмыс күні;
  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.

 

 

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы көрсетілмейді.
  2. Жүгіну тәртібін және Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау.

1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркелуді (авторизациялауды) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) арқылы жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық сұраныс жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын бекітуі;

3) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұранысты көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру;

4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұранысты өңдеуі (тексеруі, тіркеуі);

5) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұраныс мәртебесі мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тарихында алуы;

6) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберуі;

7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» алуы.

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

10.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

 

«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

 

 

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

 

 ЭҮШ
ЭҮШ
АЖ
АЖ

Көрсетілетін қызметті беруші

Услугополучатель
 

ЭҮП

 

6-процесс

 

1-процесс

 

2-процесс
3-процесс

 

4-процесс

 

5-процесс

 

7-процесс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

Көрсетілетін қызметті алушы


Шартты белгілер мен қысқартулар:

 
«электрондық үкімет» шлюзі
ЭҮШ
«электрондық үкімет» веб-порталы
ЭҮП
Ақпараттық жүйе
АЖ
Түпкілікті тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат
Хабарламалар ағымы
Басқару ағымы
Процесс
Соңғы хабарлама
Аралық хабарлама
Бастапқы хабарлама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

 

«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 

Портал
Көрсетілетін қызметті алушы

 

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

 

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

 

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

 

 
Тіркеу және авторизациялау

 

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Выдает результат оказания государственной услуги

 

 

құжаттартоптамасын қабылдауды, оны тіркеуді жүзеге асырып,көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 15 (он бес) минут

 

көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетунәтижесін береді, 15 (он бес) минут

 

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып,көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді, 1 (бір)жұмыс күні

 

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындап, тиісті бұрыштама қойып,көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді,5 (бес) минут

 

құжаттар топтамасын зерделеп, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап,көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді,күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн

 

 

 

 

Шартты белгілер

 

 

 

 

  • мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

 

 

 

 

  • көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылдың) атауы;

 

 

 

келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.