Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 371 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте № 5919 болып тіркелді

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

 

  Әкімдіктің
2015 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 371 қаулысымен бекітілген

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

  1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) және облыстық маңызы бар қала және аудан әкімдіктерінің білім бөлімдері (бұдан әрі — бөлім) көрсетеді.
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
    2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
    3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі — «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлы қесептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу.
    Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі — Стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінімдері мен құжаттарын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсыну болып табылады.
    5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
    I кезең – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері бөлімдерге құжаттар топтамасын тапсырған кезде – жыл сайын 1 сәуірге дейін;
    1) бөлімнің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, оны тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген өтінішінің көшірмесіне белгі қояды, 15 минут.
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі — құжаттар топтамасын қабылдау және тіркеу.
    2) бөлім басшысы тиісті бұрыштама қояды, 2 сағат.
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – бөлім басшысының бұрыштамасы.
    3) бөлімнің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарастырады, конкурс қатысушысына берілген ұсыным жобасын (бұдан әрі – бөлімнің ұсынымы) әзірлейді, күнтізбелік 15 күн;
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – бөлімнің ұсыным жобасы.
    4) бөлім басшысы бөлімнің ұсыным жобасына қол қояды, 1 жұмыс күні;
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – бөлімнің қол қойылған ұсынымы.
    5) бөлімнің кеңсе қызметкері бөлімнің ұсынымын және құжаттар топтамаларын Басқармаға жібереді, 5 минут;
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Басқарма кеңсесіне жіберілген бөлімнің ұсынымы және құжаттар топтамасы,5 минут;
    II кезең – бөлімнің өкілдері алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттарды 1 мамырға дейін тапсырған кезде.
    6) Басқарманың кеңсе қызметкері құжаттар топтамасы бар бөлімнің ұсынымын қабылдайды және тіркейді, 15 минут;
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасы бар бөлімнің ұсынымын тіркеу;
    7) Басқарма басшысы тиісті бұрыштаманы қояды, 2 сағат.
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Басқарма басшысының бұрыштамасы.
    8) Басқарманың жауапты орындаушысы құжаттар топтамасы бар бөлімнің ұсынымын қарастырады, конкурс қатысушысына ұсыным жобасын (бұдан әрі – Басқарманың ұсынымы) әзірлейді, күнтізбелік 15 күн;
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Басқарманың ұсынымы.
    9) Басқарма басшысы Басқарманың ұсыным жобасына қол қояды, 1 жұмыс күні;
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Басқарманың қол қойылған ұсынымы.
    10) Басқарма кеңсесінің қызметкері Басқарманың ұсынымын құжаттар топтамасымен ІІІ — кезеңге қатысу үшін 30 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі — Министрлік) жібереді.
    Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Басқарманың құжаттар топтамасымен жіберілген ұсынымы.
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушы Министрлікте алады.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
    1) бөлімнің кеңсе қызметкері;
    2) бөлім басшысы;
    3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
    4) Басқарманың кеңсе қызметкері;
    5) Басқарма басшысы;
    6) Басқарманың жауапты орындаушысы.
    7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
    I кезең – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері бөлімдерге құжаттар топтамасын жыл сайын 1 сәуірге дейін тапсырған кезде.
    1) бөлімнің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, оны тіркеуді жүзеге асырады және бөлім басшысына жібереді, 15 минут;
    2) бөлім басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және бөлімнің жауапты орындаушысына жібереді, 2 сағат;
    3) бөлімнің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарастырады, бөлімнің ұсыным жобасын әзірлейді және бөлім басшысына қол қоюға жібереді, күнтізбелік 15 күн;
    4) бөлім басшысы бөлімнің ұсынымына қол қояды, бөлімнің кеңсе қызметкеріне жібереді, 1 жұмыс күні;
    5) бөлімнің кеңсе қызметкері бөлімнің ұсынымын құжаттар топтамасымен Басқарманың кеңсесіне жібереді, 5 минут;
    II кезең – бөлім өкілдерінің алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттар топтамасын 1 мамырға дейін Басқармаға тапсырған кезде.
    6) Басқарманың кеңсе қызметкері құжаттар топтамасымен бөлімнің ұсынымын қабылдайды және тіркейді, 15 минут.
    7) Басқарма басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және құжаттар топтамасымен бөлімнің ұсынымын жауапты орындаушыға жібереді, 2 сағат;
    8) Басқарманың жауапты орындаушысы құжаттар топтамасы бар бөлімнің ұсынымын қарастырады, Басқарманың ұсыным жобасын әзірлейді және Басқарманың басшысына қол қоюға жібереді, күнтізбелік 15 күн;
    9) Басқарма басшысы Басқарманың ұсынымына қол қояды, Басқарманың кеңсе қызметкеріне жібереді, 1 жұмыс күні;
    10) Басқарма кеңсесінің қызметкері Басқарманың ұсынымын тіркейді және құжаттар топтамасын ІІІ-кезеңге қатысу үшін 30 тамызға дейін Министрлікке жібереді.
    8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарын толық сипаттау, осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
  6. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда — Қостанай облысы әкімдігінің 21.06.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

  «Үздік педагог» атағын беру
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығы

 

 

Шартты белгілер