Мағжан оқулары өтті

 

Мағжан оқулары өтті

 

Аудандық  білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес  жылдағы дәстүр бойынша «Мағжан оқулары» өткізілді.Биылғы байқау М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналды.

Байқау үш бағытта өтті:

  1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» — Мағжан шығармаларын жатқа оқу байқауы.
  2. «Толқынмен толқын сырласып…» — шығармашылық жұмыс. (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары)
    3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» — жас ақындар байқауы. (өз шығармаларын орындау).

Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақ санасына ұлт рухын асқақтатқан ақын,алаштың арда ақыны  Мағжан Жұмабаевтың өшпес мұрасын насихаттап,оқушылардың оның шығарма­шылы­ғына деген қызығушылығын дамыту, жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру.

Байқаудың нәтижесінде  бас жүлдені  «Өлең менің Шолпаным,Айым,Күнім» бағыты бойынша  Давыденов НМ  6 сынып оқушысы Сапабек Гауһар, «Толқынмен толқын сырласып…» бағыты бойынша Мичурин ОМ 7 сынып оқушысы Қуан Дариға, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша Жамбыл ОМ 10 сынып оқушысы Карина Ляззат жеңіп алды.

Жүлделі орын алған оқушылар маусым айында өтетін облыстық «Мағжан оқулары» байқауында облыстың дарынды оқушыларымен  бақ сынамақ. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

Әбдіғамидова Р.Н,білім бөлімінің әдіскері

 

Комментарии запрещены.