Моя звёздочка

Жас талант

Қазақ даласы ықылым заманнан бері жырдың, әннің, күйдің бесігі.Қазақтың ән өнері –  халқымыздың қазынасы. Халық арасынан шыққан талантты дарын иелері өнер көзінің қайнар бұлағы.

Кең байтақ елімізде жас дарындар аз емес. Ауыз  толтырып айтатын дауыс реңіне  бай, тембрі сұлу  жұлдыз  Қостанай ауданынан жарқырады. Болатханұлы Исатайды 4  жасында   сахнаға  шығарған анасы  Нағашыбай Еркегүл баласының бойынан  өнерге деген құштарлығын  ерте  байқаған.  «Бұлақ көрсең, көзін аш»- деген халқымыздың  дана сөзін ұстанған  ауданымыздың мәдениет қызметкерлері  2017 жылы   аудандық  көркемөнерпаздар байқауында  көзге  түскен  кішкентай Исатайға  жол ашты.   Осылайша,Владимиров ауылынан шыққан Исатай үлкен  сахналарда  өнер көрсете бастады. Халықаралық  «Алтын  микрафон», Димаш  Құдайбердінің  «Бақытты бала»  халықаралық  байқауының   жүлдегері, 3 мыңға жуық  дарындылар қатысқан республикалық  «Бала  дауысы», «Бозторғай», «Аңыз дала» халықаралық  ән байқауларының бас жүлде иегері. Соңғы «Аңыз дала»   байқауының нәтижесі бойынша Исатайға Қазақ  Ұлттық  Өнер Университетінің жанындағы өнер мектебіне   грант  беріліп, Қытай  Халық  Республикасы   Гонконг   қаласындағы  Диснейледке  жолдама алды.

«Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап –ұл өсер»- дегендей , Болатхандар отбасының  мүшелері  жалпы өнерлі.Отбасының  отағасы Хабдолда ұл мен қыз балаларының өздеріне тән мінез-құлықтарына ерекше  көңіл бөледі.  Балаларының ақындық қасиеті  әкесінен болса,  ән айтуы, кезінде айтысқа қатысып, тұлпар мінген, домбыра, гитара  тартатын шаңырағының шаттығын шалқытып отырған отанасы Еркегүлден дарыған.         

Қазіргі  таңда  Исатай  Қазақ Ұлттық  Университетінің жанындағы  мамандандырылған өнер мектебінің  6 сыныбында «Эстрадалық  вокал» бөлімінде  білім алуда. Исатайдың   репертуарында  20 жуық ән бар,    биылғы жылы  Түркия елінде  өтетін халықаралық  байқауға  дайындалуда.

Арманы -алдыңғы буын ағаларының бата-тілегін алып,  әлемдік сахнаға шығу.

О юном певце

Казахская степь веками жила одухотворенной поэзией, метким красноречием, зажигательными кюями и проникновенными песнями. Вся наша  жизнь пронизана музыкой.  В народе говорят, практически в любой семье найдется человек, который прекрасно поет или талантливо играет на народных музыкальных инструментах.

В  Костанайском  районе зажглась  звезда, которая    отличается необыкновенной музыкальной одаренностью.

Имя  Болатханұлы Исатая хорошо знакомо в  родном селе   Владимировка.  Мама Нагашыбай Еркегул  зная  о том, что в ребенка нужно вложить как можно больше навыков в раннем детстве, вывела мальчика на сцену в 4 года.   С этого  момента он начал петь.  В 2017 году   в районном конкурсе  самодеятельности сотрудников   отдела культуры Костанайского района поразил голос   Исатая,  и мальчик был приглашен в район, где начался его   творческий путь.  

Исатай призер  международных  конкурсов«Золотой микрофон»,«Бақытты бала»,  обладатель Гран при международных  конкурсов  «Бозторғай»,   «Аңыз дала», республиканского конкурса «Бала  дауысы»,  где участвовало  более трех тысяч участников.

Совсем юный певец, но уже успел получить награду-  образовательный грант для обучения в школе искуства  при Казахском национальном университете искусств и  путевку в Диснейленд  города Гонконг Китайской Республики. 

Пение для   Исатая  главное занятие  в данное время.   Он учится в шестом классе  по специальности «Эстрадный вокал» в специализированной школе при Казахском национальном университете  искусств  в городе Нур-Султан.

Родители Исатая принимают одинаковое участие в воспитании своих детей, и каждый из них вносит свой весомый вклад в развитие личности ребенка. Глава семьи Хабдолда  уверен, что в каждом ребенке заложено зерно таланта. Нужно только суметь рассмотреть и начать развивать вовремя. И  поэтому дети в этой семье никогда не тратят время впустую. Все сочиняют стихи, поют, играют на разных инструментах.

 В репертуаре  Исатая около 20 песен. Сейчас он  готовится к международному конкурсу в Турции, который пройдет в текущем году.

Мечта Исатая стать певцом   и выйти на мировую сцену.

Бүгінгі ұрпақ- ертеңгі болашақ

             Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» — деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.  Елбасы стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен еді.

               Дене шынықтыру және спорт әлеуметтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Қостанай ауданының мектептерінде   биіктен көрініп жүрген спортшыларымыз аз емес.  

              Біздің  бүгінгі әңгімеміз  мықтыларға  аралған  спорт түрі-  полиатлонмен шұғылданатын  нәзік жанды туралы. Харина Дарья Қостанай ауданы  Тобыл қаласының №1 орта мектебінің білім алушысы. Қыз бала кішкене жасынан бастап өте  пысық болды:  тігуді, сурет салуды, ойыншықтар жасауды жақсы көрді, үй жануарларын күтті, оқуға да үлгерді. Сол кезден-ақ анасы кішкентай Дарияның бойынан  жігер мен қайраттылықты  байқаған. Туған жерінде барлық өнер түрі қолжетімді болды. Соның ішінен сурет салумен, шығыс биімен, хип-хоп, бокс, баскетболмен айналысты. Бірақ әр іске деген   қызығушылығы бірнеше айдан кейін жоғалатын.

Бәрін бір кездейсоқ жағдай өзгертті. Жүзуге үйренуді мақсат етіп  секцияға барған Дарья, осы спорт түрі бойынша  биіктен көрініп, көрерменнің таңдайын қақтыратынын ойламаған. 2018 жылы  қысқы көпсайстан Қазақстан Республикасы Кубогінің  2 орын жүлдегері, Президенттік көпсайыстан  спорт шебері кандидаты, Қазақстан Республикасының жазғы көпсайыстан чемпионы, Президенттік көпсайыстан облыстық жарыстардың бірнеше дүркін  чемпионы, Президенттік  көпсайыстан Қазақстан Республикасының  құрама командасының мүшесі. Осылайша, полиатлон спортының ең мықты ойыншыларының бірі атанды.

Қазір Дарья сол бір кездейсоқ  жағдайдың арқасында дұрыс таңдау жасағанына  қуанады.

       Спортшының  алдағы арманы – әлем кубогының кезеңдеріне  қатысу.

Здоровое поколение- будущее Каазахстана

Охрана и укрепление  здоровья  населения  всегда были в приоритете нашей страны.  Физическая культура и спорт являются неотъемлемой частью общественной культуры.  В школах Костанайского района  есть девушки-спортмены, которые достойно представляют  наш район, но о них говорят меньше, чем о других.

Сегодняшняя героиня нашего рассказа, представительница слабого пола    занимается  спортом для сильных и выносливых, полиатлоном, спортивным комплексным многоборьем. Харина Дарья ученица Средней шолы №1 города Тобыл Костанайского района.  С детства  девочка  была активной: любила шить, рисовать, мастерила игрушки, ухаживала за домашними животными, старательно училась, но   волевые качества   мама  заметила еще  у маленькой Дарьи.  В родном поселке  все было доступно:  рисование, восточные танцы, хип-хоп,  бокс, баскетбол. Дарья пробовала   найти себе одно свое. Но это продолжалось лишь несколько месяцев.

Но все изменил случай.  Однажды со своей подругой записались на плавание, где можно научиться плавать, и к их удивлению, это было еще бесплатно. Тогда она еще и не подозревала, что  ее ждут  победы и высокие награды.   

Тренировки требовали больше времени и сил.  Результат упорных трудов не заставил долго ждать.  Уже в  2018  году завоевала 2 место в кубке Республики Каазахстан  по зимнему  Президенскому многоборью. Радовалась вся сборная: соперники были очень сильными, так что ее второе место стало невероятным успехом. В копилке Дарьи очень много побед. Она   является кандидатом  в мастера спорта по Президентскому   многоборью, чемпионка Казахстана 2019 года  в летнем чемпионате по Президентскому   многоборью,  неоднократная  чемпионка  областных соревнований  по Президентскому   многоборью,  входит  в состав   сборной Республики Казахстан по  Президентскому   многоборью.

Сейчас  она понимает, что сделала правильный выбор, занявшись полиатлоном .

В планах на будущее  — выезд  на этапы кубка мира.

Facebook Comments

Комментарии запрещены.